Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілер табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық көлік полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілерді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілер табылды

Облыстық көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, биылғы 13 сәуірде жедел ақпаратты тексеру кезінде Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының маңынан 5,45 мм калибрлі 59 патрон мен 1 граната табылып, тәркіленді. Бұларды Алматы қаласындағы қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде қаскүнемдер ұрлап кеткен

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы (оқ-дәрілерді заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп атап өтті полиция генерал-майоры.