Алматыда қар көшкіні болған кезде тауда қалып қойған туристер құтқарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматылық құтқарушылар қар көщкен кезде тауда болған туристерді аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылғы 1 сәуірде сағат 16:35-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне Алматы қаласы ТЖД жедел кезекшісінен шақыру келіп түскен.

Үш адам Бутаков асуынан Букреев шыңына көтеріліп бара жатқан уақытта қар көшкіні түсіп, бір турист төменге қарай сырғып түскен. Осыған байланысты бес адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару тобы көмекке аттанды. Сонымен қатар, адамдарды іздеуге Алматы қаласының Құтқару қызметінің құтқарушылары қосымша жіберілді.

Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекшісі оқиға орнының локациясын жіберген өтініш берушімен байланысқа шықты. Ол туристік маршрут бойынша тауға көтерілу кезінде қар көшкіні салдарынан ол жолдастарынан қалып қойған.

Ол ешқайда жүрмей құтқарушылардың көмегін күткен. Туристермен ұялы байланыс арқылы байланысқа шыққан Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сағат 18.43-те зардап шеккендермен визуалды байланыс орнатқан.

20 минуттан кейін РЖҚЖ құтқару тобы туристерге жетіп, зардап шеккендерді төменге түсіру жұмыстарын бастады. Сағат 19:55-те туристерді төмен түсіру жұмыстары аяқталды, құтқарушылар оларды Бутаков шатқалындағы автотұраққа дейін жеткізді. Адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ құтқарушылары тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Тауға шыққан кезде сізге қажет: дене даярлығын есептеңіз, құтқару қызметтерінің ұсыныстарын ескеріңіз: ауа-райы жағдайлары, көшкін қаупі деңгейі, таудағы серуенге өзіңізге қажетті заттармен қамтамасыз етіңіз: пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңке, су, қосымша жылы киім-кешек, GPS навигаторы.

«Егер сізге көмек қажет болса, 112 немесе 8(727) 372-15-60 (ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қоңырау шалыңыз»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар
telegram