Алматыда қар көшкіні жүру қаупі бар
«21 қараша күні қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қиын жағдайға ұрынбас үшін тау бөктеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар», - деп ескертеді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Осыған орай, Алматы қалалық ТЖД мынадай мәлімдемесін жария етті:
- қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.
- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз.
- тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн, бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.
- үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына қалдырмаңыз, кері бағытты таба алмай қалуыңыз мүмкін.
- рюкзактарда мыналар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.
- туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.