Алматыда қар күрейтін техникалар жұмысқа дайын – әкім

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңге дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда қар күрейтін техникалар жұмысқа дайын – әкім

«Біз жуырда ғана әкімдікте жауапты сала қызметкерелімен осы мәселені пысықтадық. Қар тазалау жұмыстарына 13 мердігер жауапты. Олардың бірі - «Алматы Тазалық» қалалық ұйым жалпы көлемнің 60% өздеріне алады. Қалғандары жеке меншік», - деді әкім «Алматы» арнасында тікелей эфир барысында.

Оның айтуынша, көшелер мен тратуарларды қардан тазалайтын мың бірлік техника дайын.

«Біздің мердігерлер қысқы уақытта жұмыс істеу үшін жаңа техникалар сатып ала бастады. 2600-ден астам жұмысшы бар»,– деді Бақытжан Сағынтаев.