Алматыда қар тазалау жұмыстарына 600-ден астам техника жұмылдырылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір тәуліктен астам уақыт қар жауды. Қазір тәулік бойғы режімде қар тазалау жұмыстарына 632 арнайы техника мен коммуналдық қызметтердің 785 қызметкері жұмылдырылған.
Алматы қаласының әкімдігі қар тазалау бойынша кешенді шараны қолға алды. Гидрометеорологиялық орталықтың дерегі бойынша қардың қалыңдығы 12 сантиметрге жетті.
Ал 17 қаңтар күні таңертең сағат 09.00-ден бастап, коммуналдық қызметтерге басқа да әр түрлі ұйымдар мен фирмалар қосылды. Олар өздеріне бекітілген аумақтарды және жол жиектерін тазалауға кірісті.
Коммуналдық қызметтердің хабарлауынша, қазір қар тазалау жұмыстары одан әрі жалғасуда.