Алматыда қар тазалауға 2000-нан астам жұмысшы шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға тағы да қалың қар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Мегаполисте шамамен таңғы сағат 6 жарымнан бастап қар жауа бастады. Бүгін сенбі болғандықтан, қалың қарды тазалау жұмыстары қала тұрғындарын аса әбігерге салған жоқ.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бүгінгі қар тазалау жұмыстарына 608 арнайы техника, 2 145  жұмысшы шыққан.

«Көктайғақтан сақтандыру үшін қар тазалаушылар мұз қатуға қарсы себінділерді жолға төсеп шықты. Содан кейін, жолдың жиектері мен тротуарлардағы қарларды тазалап жатыр. Сенбі, жексенбі күндері қар қала сыртына шығарылады», - деді қалалық әкімдіктен.

Қазгидромедтің болжауынша, келесі аптада Алматыға қар жаумайды. 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар