Алматыда қар жауып, көктайғақ болады - тұрғындарға ескерту жасалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда қар жауып, көктайғақ  болады - тұрғындарға ескерту жасалды

30 қазан күні Алматы тауларында түнде жаңбыр және қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. 30-31 қазанда солтүстiк- шығыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек. Осыған байланысты ТЖД мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: - Таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.

- Егер сіз кішігірім топырақ көшкіндерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн. Қарқынды жауын-шашын түскен жағдайда төмен таулы аймақта топырақ көшкін болуы мүмкін.

- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз. - Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн. Бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.

- Үйге ертерек қайтуға тырысыңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.

- Рюкзактарда мыналар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз.

- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.