Алматыда қара топырақ сатпақ болғандар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Наурызбай ауданының аумағында қара топырақты қазып, жүк көлігіне тиеп алып кетпек болған азаматтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Наурызбай ауданының экологиялық полициясының қызметкерлері ауданның экологтарымен бірлесіп, жүргізушілердің арнайы техниканы қолданып қара топырақты заңсыз жүктеу фактілерін анықтады.

« Жүк көлігінің жүргізушілері Наурызбай ауданының аумағында құнарлы қара топырақты ұрлап, сатпақ болған. Бұл азаматтар ҚР ӘҚбК-нің 386 және 505-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,– деп хабарлады Полициядан.


Соңғы жаңалықтар