Алматыда Қарағанды музыкалық комедия академиялық театры әртістерінің қойылымдары басталады

АЛМАТЫ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда тамыздың 4-інен бастап Қарағанды музыкалық комедия академиялық театр әртістерінің қойылымдары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл театр еліміздің ең танымал ұжымдардың бірі саналады.

Гастрольдік сапардың бірінші күні көрермендерді гала-концерт күтеді, одан кейінгі күндерде театр ең үздік қойылымдарын көрсетпек.

Қыркүйектің 12-не дейін жалғасатын сапар барысында көрермендер Ф.Легараның «Көңілді жесір», И.Кальманның «Сильва» және «Марица», И.Штраустың «Цыган бароны» оперетталарын, Г.Канчелидің «Ханумның қылықтары», Г.Гладкованың «Шөп үстіндегі ит» атты музыкалық комедияларын және Дж.Стайнның «Джазда тек қана қыздар», К.Портердің «Мені сүй, Кэт!» атты екі мюзиклін тамашалай алады. Сонымен қатар, балаларға арналған музыкалық ертегі қойылымдары да көрсетілмек.

Соңғы жаңалықтар