Алматыда қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктер соғысып, екі адам жараланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 3 көлік соқтығысып, жүргізушілердің бірі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Алматыда қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктер соғысып, екі адам жараланды

Куәгерлердің айтуынша, Мерседес С және Е санатындағы екі көлік Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Болжам бойынша, Е санатындағы Мерседес көлігі С санаттағы Мерседес маркалы көлігінен озбақ болып онымен соғысып қалған. Осыдан кейін соққының екпінімен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Тойота Карина көлігімен соғысқан. 

null
Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Тойота көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қатты жарақаттанып, жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жөнелтілді. Жол апатының себептері нақтылануда.

null null null null