Алматыда карантин режимін бұзғандарға 74,7 млн теңге айыппұл салынды
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматының мониторинг топтары күшейтілген режмде жұмыс істеп жатыр.
Карантин режимін бұзғандарға 74,7 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
8 қазан мен 19 желтоқсан аралығында 590 мониторинг шарасы жүргізілді, оның барысында 4947 нысан қамтылды. Соның нәтижесінде карантин шараларын бұзудың 1065 фактісі анықталды.
Мониторингтік топтар жүргізген тексерістер нәтижесінде келесі шаралар қабылданды: карантин шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде 890 хаттама толтырылды. Заңды жеке тұлғаларға жалпы сомасы 74,7 млн теңге айыппұл салынды.
Жүйелі заңбұзушылықтар бойынша 15 материал сотқа берілді:
– Медеу ауданы бойынша — 6 («Манана» мейрамханасы, «Отрар бар» ЖШС, «Централ» дәмханасы, «Hookah Dreems» лаундж бары, «Глобал Фуд Энд» ЖШС, «Оранжери Group» ЖШС рестобар);
– Түрксіб ауданы бойынша — 3 («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р.М. ЖК, «Прованс» дәмханасы);
– Алмалы ауданы бойынша — 3 («Арагоста», «Дегирмен» дәмханасы, «Дореми» караокесі);
– Әуезов ауданы бойынша — 3 («Мята» лаундж бары, «Алмалы» караоке-бары, «Playstation Go» ойын клубы).
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігінің бұрын жіберілген жүйелі түрде орын алған бұзушылықтары бойынша сот шешімдері бар:
- жеке кәсіпкер Ренат Бижановқа 277 800 тг көлемінде айыппұл салынды және Түрксіб ауданы, Наманганская көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан «Atlantis» бильярд клубының қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылды;
- «Suddenly» ЖШС-не («Hookan Dreems» кафе бары) 277 800 тг көлемінде айыппұл салынды, Медеу ауданы, Қайырбеков көшесі, 35а мекен-жайы бойынша орналасқан «Hookan Dreems» бар кафесінің қоғамдық тамақтану қызметтерін ұсыну бойынша қызметі 1 айға тоқтатылды.
Алматы әкімдігі жұқтыру қаупін азайту мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарын адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырады. COVID-19 алдын алу шараларын күшейтіп, өзіңізге және басқаларға қауіп төндірмеуді ескертеді.
Еске салайық, анықталған бұзушылық фактілері бойынша мекеме иелері ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілетін болады. Заң бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда заңды тұлғалар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылатын болады. ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тарту туралы мәселені мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қарайды. Осы баптың санкциясы нысанның қызметін тоқтатуды көздейді.