Алматыда карантин талабын бұзған 40 мекеме анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының мониторинг тобы екі күнде карантин талаптарын бұзудың 40 жағдайын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда карантин талабын бұзған 40 мекеме анықталды

Мониторинг тобының мәліметінше, Алматыда кафе мен мейрамханалардың жұмыс тәртібі өзгерді. Осыған байланысты бақылау күшейтілді. Бұл талап «дельта» коронавирус штамының жедел таралуына орай қабылданған болатын.

Алайда, жұқтырғандар санының артуы қала тұрғындарын алаңдатар емес, олар көңіл көтеруді жалғастыруда.

26 – 28 тамыз аралығында Алматыда белгіленген шектеу тәртібін бұзудың 40 жағдайы анықталды. Мысалы, 26 тамызда сағат 23.32 шамасында Әуезов ауданының мобильді тобы «Жазира» шағынауданындағы «Пещера» кафесінде заң бұзушылықты тіркеді. Мекеме Ashyq жобасының көшбасшысы болмаса да сағат 22.00-ден кейін жұмысын жалғастырған. Дәмханадан 20 келуші шығарылды.

Сол күні Таугүл-1 шағын ауданында түн ортасында жиырма шақты демалушы болған «Али бро» кафесінде жұмыс режимінің бұзылғаны анықталды.

27 тамызда Алмалы ауданында сағат 23.30 шамасында Мұратбаев көшесінде La Janbyr кафесі карантиндік шектеуді бұзып, жұмыс істеді. Кафеде 40 адам болған. Төле би көшесіндегі «Хан Сарай» мейрамханасы да жұмыс тәртібін бұзған.

Бостандық ауданында 28 тамыз күні сағат 15.37-де Тимирязев көшесіндегі «Версаль» мейрамханасында қыз ұзату тойы тоқтатылды. Тойға келген 50 қонақпен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ, түнгі сағат 2.00-де «Фа Соль» караокенің жұмысы тоқтатылды. Мекемеден 40 адам шығарылды. Сол түні Сейфуллин көшесіндегі «Мега караоке» 50 адамға қызмет көрсеткені анықталды.

Алматыда екінші аптаға кетті 150 ойын-сауық мекемесінің жанында полицияның патрульдік автоэкипаждары жүреді, күн сайын 130-ға жуық қызметкер кезекшілікке шығады.