Алматыда карантин талабын бұзған ойын-сауық орны анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мониторингілік топ рейд барысында 80 адамға қызмет көрсеткен ойын-сауық орынын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда карантин талабын бұзған ойын-сауық орны анықталды

Мониторингілік топ қаладағы тамақтану орталықтарына рейд жүргізді. Нәтижиесінде, 19 қоғамдық тамақтану нысанында заң бұзушылықтар анықталды.

«Түнгі сағат 23:15-те ойын-сауық орындарының бірі 80 келушіге қызмет көрсеткені анықталды. Онда спирттік ішімдік те сатылған»,– деп хабарлады «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

Карантин талабын бұзған мекемелерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, иелерін әртүрлі баптар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы қала бойынша заңсыз әрекеттерге қатысты Партияның бақылау комиссиясына 279-88-49 телефоны арқылы хабарласуға болатынын жеткізді.