Алматыда карантин талабын бұзған түнгі клубтар әшкереленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда карантин талабын бұзған түнгі клубтар әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматыда 40 мониторинг топ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олардың құрамына әкімдік, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті полиция, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары бар.

Мысалы, Медеу ауданының мониторинг тобы сәуірдің 2-нен 3-не қараған түні Назарбаев даңғылында орналасқан «Bakard», Зенков көшесіндегі «Persona» түнгі клубтарынан және Қармысов көшесіндегі «Тархун» кафесінен келушілерді шығарды.

Алмалы ауданында «Гоголь» түнгі клубы мен «Лолита» мейрамханасы карантин талаптарын бұзған. Екі мекемеде 150 жуық адам болған.

Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік бұзушылық және айыппұл салу туралы хаттама толтырылды.

Жыл басынан бері қалада карантин шараларын бұзғаны үшін бизнес субъектілері мен жеке тұлғаларға жалпы сомасы 170 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар