Алматыда карантин талабын орындамаған 2 дәмхананың иесіне айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция карантин мезгілінде жұмыс істеген екі дәмхананың басшылығын жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда карантин талабын орындамаған 2 дәмхананың иесіне айыппұл салынды

Бұл екі нысан да Алатау ауданында орналасқан. Учаскелік инспекторлар жүргізген рейд барысында көңіл көтеретін екі мекеме де бұрынғы режіммен істеп тұрған.

Учаскелік инспекторлар төтенше жағдай талаптарына бағынбаған кәсіпкерлерге ҚР ӘқбК 476-бабымен әкімшілік іс қозғап, ауданаралық азаматтық істер бойынша сот шешімімен екеуіне де айыппұл салынды», - деді Алатау аудандық ПБ басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Полиция өкілдері карантин режімін бұзғандар әкімшілік жазаға тартылатынын ескертті.

Айта кету керек, Алматы билігі кеше ауру ошағы ретінде 10 мекенжайды атаған болатын.

Қазір Қазақстанда 53 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласында -28, Алматыда – 22, Қарағандыда -2, Алматы облысында 1 жағдай анықталды.