Алматыда карантин талаптарын бұзған 14 мекеме иесі айыппұл төлейді
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды, айыппұл салынады. Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин талаптарын бұзған мекемелерді атады.
Мәселен, 19 қыркүйекте Наурызбай аданындағы «Baqsarai» мейрамханасы мен «Amelie» кафесі тыйым салынғанына қарамастан банкет өткізген. Дәл осы күні тексерушілер Алмалы ауданының «Медальон» мейрамханасы мен RST стом стоматологиясы қызметкерлерінің маска режимін бұзғанын анықтады. Барлық материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.
Түнде мониторинг топ өкілдері Әуезов ауданындағы «Айнұр» кафесінде және «House pub» барында, Алмалы ауданындағы «Проссеко бар» мейрамханасында жұмыс және маска режимін сақтамай, карантин талаптарын бұзғанын анықтады.
Сонымен қатар, тәртіп бұзушылардың арасында Желтоқсан көшесіндегі «Мята Платинум» лаундж-бары, Брусиловский көшесіндегі «Арша» мейрамханасы, Медеу ауданындағы «Hookah-dreems» barы, Радлов көшесіндегі «Loto club», Бостандық ауданындағы «Кишлак» мейрамханасы, «Storm» және «Battle» palace компьютерлік клубтары бар.
Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин талаптарын орындауға, санитарлық ережелерді сақтауға шақырады, өйткені эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз.