Алматыда карантин талаптарын бұзған кәсіпорындар қалай жазаланады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Akimat live» тікелей эфир барысында карантин талаптарын бұзған кәсіпорындар қалай жазалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мониторинг тобының жұмысы кәсіпкерлерге ұнап жатқан жоқ. Карантин кезінде жасырын түрде жұмыс істеп жатқан түнгі клубтар мен бильярд орталықтары кездеседі. Оларға сот арқылы айыппұл салынып жатыр. Алайда олар уақыт өткен соң қайта жұмысқа кірісіп жатқанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайлар бар. 19 наурыз бен 28 наурыз аралығында мониторингтік топтар 345 заң бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 222-сі мейрамхана мен кафе бар», - деді ол.

Алматы әкімі оларға қандай жаза қолданылатынын айтты.

«Айыппұл салу, жұмысын тоқтату және басқа да тетіктер қолданылып жатыр. Су мен электр желісінен айыру сынды шаралар да бар. Кейбір азаматтар мониторингтік топтардың өздері заңбұзушылық жасап жатқаны туралы айтты. Егер ондай жағдай кездессе, бірден әкімшілікке ашық айту керек. Пара беріп құттылғаннан гөрі, пара сұрап жатыр деп айту керек. Біз қарайтын боламыз», - деді ол.

Сағынтаев кәсіпкерлерді заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.


Соңғы жаңалықтар