Алматыда кардиолог Ян Ковачтың шеберлік- дәрісі өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда сәуір айының 5-і күні кардиолог Ян Ковачтың интервенциялық кардиология бойынша шеберлік - дәрісі өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүкіл әлемге танымал дәрігердің шеберлік дәрісі Алматы денсаулық басқармасының қолдауымен және қалалық кордиологиялық орталықтың ұйымдастыруымен өтпек. Елімізде кардиологиялық аурулар өте қауіпті аурулардың үштігіне кіретіні белгілі. Сондықтан ұйымдастырушылар Ян Ковачтың дәрісінен көптеген пайдалы кеңестер аламыз деген сенімде және бұл дәріс тәжірибе алмасуға септігін тигізеді дейді олар.

Ян Ковач - Ұлыбританияның «Trust Leicester» деп аталатын Мемлекеттік денсаулық қызметінің университеттік емханасының кеңесші -кардиологы. Ол сонымен қатар, американдық кардиологтар ассоциациясының және еуропалық кардиологтар қоғамының мүшесі, оның медицина саласында докторлық дәрежесі, сондай-ақ, Біріккен корольдықта CCST (UK) арнайы оқытудан өткендігі жайында сертификаты бар. Ол бес мыңнан аса операциялар жасаған. Талантты хирургтардың бірі болып саналғандықтан, ол Қытай елінде, Америкада, БАЭ-да, Орталық және Шығыс Еуропада, сонымен қатар Таяу Шығыста VIP-персона кардиолог қатарындағы құрметті дәрігер.

Соңғы жаңалықтар