Алматыда карикатурашылар байқауы өтеді
АЛМАТЫ. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Алматыда «Сенің таңдауың» қозғалысы «Бәрі Заң бойынша» деп аталатын карикатурашылар байқауын жариялады.
Онда үздік шыққан он жұмыс кейін Арбатта қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады. Сондай-ақ жеңімпаз 50 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болады. Байқауға қатысушылардың жасы мен кәсібіне шектреу қойылмайды. Үміткерлерден өтініштер қабылдау 1-30 қыркүйек аралығында өтеді. Оның көлемі А3 өлшемінен аспауы керек және TIFF немесе PDF форматтарында, 300 dpi.(pxl) талабына сай болуы қажет. Заңдардың орындалуы және қоғам тақырыбындағы барлық жұмыстарды tvoi-vybor@mail.ru , info@tvoi-vybor.kz электрондық пошталарына немесе Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 53 в, блок «ж», 48-кеңсеге поштамен жіберуге болады. Толық ақпаратты https://tvoi-vybor.kz/ сайтынан алуға болады.