Алматыда кәріз желілерін жуу жұмыстары қолға алынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Медеу ауданында кәріз желілерін жуу жұмыстары 5-7 наурыз аралығында жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Алматы Су» КМК-ға сілтеме жасап.

Алматыда кәріз желілерін  жуу жұмыстары қолға алынды

Аталған күндері Достық даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейін Шевченко және Құрманғазы көшелеріндегі қозғалыс қиындау болады. Себебі, мұнда арнайы техникалар жұмысқа тартылады.

«Бұл жұмыстар ағынды суларды үздіксіз бұруды қамтамасыз ету үшін қажет. Жыл сайын қалада 1000 км астам кәріз желілері мен 70 мың кәріз құдықтарын жуу және тазалау жүзеге асырылады. Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жолдың көрсетілген учаскесі бойынша маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Сұрақтар бойынша 274-66-66 телефонына хабарласуға болады», - деді «Алматы Су» КМК-да.