Алматыда каршеринг көлігі аударылып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда каршеринг көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда каршеринг көлігі аударылып қалды

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, апат 9 қыркүйек күні түскі сағат 14:10 шамасында әл-Фараби даңғылында болған.

«Volkswagen Polo» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып рульге ие бола алмай «Қазақфильм» ғимаратының маңында ағашқа соғылып, аударылып қалды», - деп түсіндірді полициядағылар.

Жол-көлік апаты салдарынан автокөлік жүргізушісі жарақат алды, оны жедел жәрдем бригадасы сол жерде тексерді.