Алматыда қарт адамдардың белсенділігін арттыру жолында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

/strong>Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыда Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65-жылдығына арналған «Герантологияның көкейкесті сұрақтары. Жетілдіру жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,

Алматыда қарт адамдардың белсенділігін арттыру жолында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев биылғы Жолдауында жалпы өлім - жітімділікті 30 пайызға азайту, жүрек- қан тамырлары ауруларын төмендету және өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа дейін көтеру маңызды мақсат екендігін айтып өткен болатын. Осы тұста ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» РМК, «Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь» РМҚК, ҚР Геронтологтар қоғамы бүгінгі шараны ұйымдастырып отыр.

Шара аясында Қазақстан мен ТМД-ның жетекші мамандарының адамдардың қартаюы, қарттардың тамақтану мәселелері, ҚР геронтология қызметінің жағдайы мен болашақтағы негізгі бағыттары бойынша баяндамалар оқылып, талқыланды. Сонымен қатар Алматы қаласында уақытынан бұрын қартаю мәселелері мен ҚР-да белсенді өмір сүруді ұзартудың ғылыми түрдегі жолдарын жасау туралы пікірталас өтті.

Конференцияға алыс шетелден және ТМД ғалымдары, ҚР-ның барлық аймағының бас мамандары, денсаулық сақтау жетекшілері қатысты.