Алматыда картоп бағасы қымбаттады
Қала тұрғындарының айтуынша, ең қымбат картоп Алматыда, оның бағасы 250 теңге.
Алматы қалалық әкімдіктің мәліметінше, мегаполис тұрғындары шамамен жыл сайын 200 мың тонна картоп тұтынады. Аталған көкөніс қалаға негізінен Павлодар, Алматы, Қарағанды облыстарынан жеткізіледі.
«Жыл сайын, маусымаралық кезеңде былтырғы егіннің көлемі мен сапасының төмендеуіне байланысты өнімнің қысқа мерзімді жетіспеушілігі байқалады. Жаңа өнім көп болмайды. Сондықтан нарықтық сұранысты толық жаба алмайды. Осы кезеңде көкөніс Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан және Мысырдан импортталады, олардың құны логистика мен валюта бағамдарын ескере отырып анықталады», - деп түсіндірді басқармадан.
Басқарма импорттық өнімдер нарықта қысқа мерзімде болатындығын атап өтті. Олардың орнын жақын арада Түркістан өңірінің көкөнісі алмастырады.