Алматыда Қарттар айлығы аясында қайырымдылық концерт болып өтті
АЛМАТЫ. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Қарттар айлығы аясында А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде қайырымдылық концерт болып өтті.
Оған Алмалы ауданында тұратын 400-ден аса қарт адамдар шақырылды. Концертте А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің талантты өнерпаздары өнер көрсетті.
"Бүгінгі шараны өткізудегі мақсатымыз - аудан тұрғындарына, қарт адамдарға біздің оқу ордамыздың жас өнерпаздарының өнерлерімен таныстыру, оларға көтеріңкі көңіл сыйлау, құрмет көрсету болып табылады. Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған шараны дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз", - деді А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, доцент Қарлығаш Мырзаханова.
«Жас балет жұлдыздарының өнерлерін тамашалап, үлкен рухани ләззат алдық. Училище басшылығына, оқытушылар ұжымына, тәрбиешілердің ерен еңбектеріне алғыс айтқым келеді. Оқу орынның жас өнер шеберлеріне әлем сахналарынан көрініп, еліміздің балет өнерін дамыта берулеріне тілектеспіз", - деді Алмалы ауданының тұрғыны, зейнеткер Бақыт Омарова.