Алматыда «Қарттар күніне» арналған қайырымдылық шара өтті

АЛМАТЫ. 20 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда «Қарттар күніне» арналған қайырымдылық шара болып өтті.

Алматыда  «Қарттар күніне» арналған қайырымдылық шара  өтті

Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізілген шара барысында ауданда тұратын жалғыз басты және жалғызілікті 200 зейнеткерге, әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында арнайы азық-түлік пакеттері берілді.

Бұл шарамен қатар, бүгін Түркістан Ислам мәдениет орталығында «Қарттар және мүгедектер айлығы» аясында, ауданның 50 зейнеткері мен 50-ден аса мүмкіндіктері шектеулі жандарға арнайы дастарқан жайылды.