Алматыда қарттар күніне орай мерекелік ас берілді

Ы. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда да Қарттар күні аталып өтуде. Аталмыш мерекеге орай бүгін «Нұр Отан» ХДП-сының қалалық бөлімшесі зейнеткерлер мен еліміздің қарт азаматтарын құрметтеуге арналған айлық жариялап, мерекелік ас берді.
None
None

Қала мейрамханаларының бірінде өткен мерекелік асқа 70-тен аса зейнеткер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері келді. «Нұр Отан» ХДП-сының қалалық бөлімшесінің өкілдері жиналған қауымды құттықтап, зор денсаулық тіледі. Оларға арнайы дайындалған мерекелік концерттік бағдарлама тарту етілді.

Патриоттыққа тәрбиелеу, қарт адамдар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлау - бұл Қазақстанның мемлекеттік саясатын іске асырудағы маңызды сұрақтардың бірі. Бүгінде бұл санаттағы адамдар мемлекеттің басты назарында. Елімізде жасы ұлғайған адамдар мен зейнеткерлерді қолдауға бағытталған бірнеше бағдарламалар іске асуда. Жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедек жандарға, еңбек ардагерлеріне республикалық бюджеттен арнайы жәрдемақы беріліп тұрады. «Нұр Отан» ХДП қарт адамдарға өзінің қолдауы мен материалдық көмегін да көрсетіп отырады.

Соңғы жаңалықтар