Алматыда қарттар мен мүгедектерге арналған қайырымдылық шарасы өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ -   Бүгін Алматыда Израиль медицина орталығында мүгедектер мен қарттарға көмек көрсету айлығы аясында қайырымдылық шарасы өтті,

Алматыда қарттар мен мүгедектерге арналған қайырымдылық шарасы  өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайырымдылық шараныИзраиль медицина орталығының қолдауымен Алматы қалалық комитетінің Қызыл Жарты Ай қоғамы ұйымдастырды.

Оған 30-дан аса мүгедектер мен зейнеткерлер қатысты. Олар Израиль медицина орталығының гастроэнтеролог, кардиолог, невропатолог, ЛОР - дәрігері,  УЗИ-диагностикаларын, проктолог,  хирург және уролог дәрігер мамандарының тегін қабылдауында болып, кеңес алды.

«Біздің ұйымға жыл бойы 3 мың адам көмек сұрап келеді. Мүмкіндігімізге қарай бәріне көмектесуге тырысамыз. Өздеріңіз білетін шығарсыздар, мүгедек және қарт адамдардың салалық мамандардың қабылдауына кіруі өте қиын. Сондықтан да мүгедек пен қария адамдарға көмек көрсету айлығы аясында осындай қайырымдылық шараны өткізіп отырмыз», деді   ҚР Алматы қалалық Қызыл Жарты Ай қоғамының  төрайымы  Дарико Хасанғалиева.