Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қару-жарақ арсеналы сақталған тағы бір орын табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық криминалдық полициясының мәліметінше, Үлкен Алматы каналы бойындағы орман белдеуінен қару-жарақ арсеналы табылды.

«Атап айтқанда, қос ұңғылы шолақ мылтық, газ тапаншасы, оқжатары жоқ BLOW F92 тапаншасы, 4 граната, әртүрлі калибрлі 39 патрон, радиостанция», - деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

«Қару-жарақтың, сондай-ақ оқ-дәрілердің шығу тегі мен иесі одан әрі жүргізілетін жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталатын болады»,- деп атап өтті ведомстводан.







Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар