Алматыда «Қару» жедел алдын алу іс-шарасының кезекті кезеңі басталды

АЛМАТЫ. 19 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Қару» жедел алдын алу - профилактикалық іс-шарасының кезекті кезеңі басталды.
None
None

Қарашаның 25-не дейін жалғасатын шараның басты мақсаты - жедел ахуалды сауықтыру, атыс қаруы және жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғыларды қолдану арқылы жасалынатын қылмыстарды ашу, заңсыз сақталынған (ішкі істер органдарында тіркелмеген) қарулар мен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу. Ереже бойынша, «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде полицейлер тіркелген қару иелерінің барлығын, арнайы дүкендер мен күзет фирмаларын тексеретін болады.

«Бұл күндері ауыр қылмыстарды жасауда қару қолданатын қылмыскерлер мен есепте тұрған бұзақыларды бақылау күшейтіледі»,-дейді қалалық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының лицензиялық-рұқсат беру жүйесі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Мейманқұлов. Оның айтуынша, өз еркімен қаруларын тапсырған азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Шара кезінде күшейтілген қызмет түрімен қатар, алматылық полицияның сыртқы қызметі де жұмылдырылды. Патрульдік, учаскелік, жол полицейлері қару мен жарылғыш заттарды сақтауға байланысты барлық күдікті адамдарды тексеретін болады.

Соңғы жаңалықтар