Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 5-7 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда «World Business Consulting» қаржылық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 5-7 жылға сотталды

Бұл қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берген.

2018-2021 жылдары WBC қаржылық пирамидасына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.

Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сонымен қатар, пирамидалық схемасының тағы бес ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланды.