Алматыда қаржы полициясының бұрынғы бастығына қатысты сот тыңдауы өтуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында қалалық қаржы полициясы департаментінің бұрынғы бастығы Әмірхан Аманбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда қаржы полициясының бұрынғы бастығына қатысты сот тыңдауы өтуде

Істі судья Кеңшілік Әбілдинов қарайды. Ол отырысты сотталушылардың аты-жөнін анықтаудан бастады. Олар өздерін салмақты ұстауда, тек камералардан жүздерін жасырып отыр.Аманбаевтың өзі тордың ішінде емес, сот залында отыр.

  

Еске сала кетсек, Әмірхан Аманбаевқа қатысты еліміздің Қылмыстық кодексінде көзделген қылмысқа итермелеу (28-бап, 5-бөлім), мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті тұлға жасаған жалған кәсіпкерлік (215-бап, 3-бөлім), өз өкілеттігін пайдалану арқылы қылмыстық топ құру немесе оған басшылық жасау (263-бап, 4-бөлім), қылмыстық жолмен табылған қаржыны немесе мүлікті қолма қол ақшаға айналдыру (218-бап, 3-бөлім,1-3-пункт), мол көлемде пара алу (311-бап, 5-бөлім) бойынша қылмыстық іс Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті.

null  

Көлемі 1340 томды құрайтын қылмыстық іс бойынша 36 сотталушы бар. Оның 14-іне тұтқынға алу, 12-сіне қатысты кепіл түріндегі шара қолдану, 9-ына үй қамаққа алу, ал біреуіне ешқайда кетпеу туралы қолхат алу шарасы қолданылған.

null