Алматыда кәсіби тұтынушылар үшін METRO көтерме сауда орталығы ашылды

; АЛМАТЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда бірінші METRO көтерме сауда орталығының ашылу салтанаты өтті.
None
None

METRO Cash & Carry International-дың Бас атқарушы директоры Франс Муллердің айтуынша, аумағы 6 880 шаршы метр сауда орталығында 13 мың азық-түлік пен басқа да 12 мың атаудан тұратын тауарлар сатылады. Тұтынушыларға дүкенге кіруге, сауда жасауға мүмкіндік беретін тұтынушы картасы беріледі және оларға ыңғайлы болу үшін сауда орталығы таңғы 8-ден кешкі 23-ке дейін жұмыс істейді.

"Алматы Қазақстанның ең үлкен қаласы және сауда орталығы, сол себептен де METRO-ның дамуы үшін маңызды қала болмақ. Бүгінгі біздің салтанатты түрде ашылуымыз Қазақстандағы орнымыздың үлесін нығайтып, келешекте дамуымыздың негізі болатынына сенеміз", дейді Ф.Муллер.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалада «Магнум» және «Арзан» сынды көтерме сауда орталықтары бұрыннан жұмыс істейтіндігін, бірақ танымал әлемдік брендтке ие ірі сауда орталығы алғаш ашылып отырғандығын айтты. Мұндай сауда орталығы өткен жылы қазан айында Астана қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен ашылған болатын. "Осында келердің алдында Астанадағы METRO-ның жұмысын зерттеуді тапсырып, ондағы сауда орталығының жұмысы сәтті жүріп жатыр және өз міндеттерін түгелдей орындап, мемлекет қазынасына құйылатын салықты дұрыс төлеп отыр деген жауап алдым", дейді қала әкімі.

Сонымен қатар ол өткен жылы дағдарысқа қарамастан қаладағы көтерме сауда өскендігін және соңғы 7 айда 9 пайызға дейін көтерілгендігін айтып өтті. "Бұл жақсы көрсеткіш, сондықтан қалалық үкімет шетелдік ивесторлардың біздің нарыққа қорықпай келіп, осында өркен жаюы үшін барынша еңбек етеді", деп атап өтті А.Есімов.

Мұндай дүкеннің инвестициясы 15 миллион еуроны құрайды екен. Әлем бойынша 670 осындай сауда орталығы бар болса, Қазақстан осы желі іске қосылған 31-ші ел болып отыр.

Соңғы жаңалықтар