09:11, 23 Ақпан 2023 | GMT +5
Алматыда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша цифрлық сервис іске қосылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Енді смартфон камерасын QR-кодқа бағыттау арқылы кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар туралы белгіні қалалық прокуратураға жылдам жіберуге болады. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласының прокуратурасы баспасөз қызметі мәлім еткендей, қалалық прокуратура мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер прокзаңзаңүшін цифрлық сервис ойлап тапты. Ол арқылы кәсіпкерлер мобильді топқа кәсіпкерлік саласындағы бұзушылық туралы белгі мен онлайн өтініштер қалдыра алады.
«Кәсіпкерлік саласындағы бұзушылық туралы белгі мобильді топқа жедел әрекет ету үшін жылдам жетеді. Бұл кәсіпкерлерге бұзылған құқықтарын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Процесті цифрландыру бизнес субъектілерінің уақытын үнемдеп, олардың құқықтарының бұзылуына тез арада ден қоюға мүмкіндік береді»,- деп хабарлады Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.