Алматыда кәсіпкерлерге шағынбюджетті франшиз үлгісінде франчайзинг негіздері үйретіледі
АЛМАТЫ. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Алматыда 21 тамыз күні «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жанындағы Ұлттық франчайзингті дамыту орталығы кәсіпкерлерге шағынбюджетті франшиз үлгісінде франчайзинг негіздерін үйретуге арналған дәріс өткізеді.
Сондай-ақ «Тең құқықтар және тең мүмкіндіктер» клубы мүшелерінің бірінші отырысы болады. Ол «Қазақстан кәсіпкерлері үшін үздік франшиз таныстырылымдары мен франчайзинг бойынша тұрақты тегін дәрістер және франчайзерлермен кездесу мен тақырыптық пікірталас» деп аталатын жоба аясында ұйымдастырылып отыр. Жобаның басты мақсаты - кәсіпкерлердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құру, үкіметтік емес ұйымдардың қызығушылығын біріктіру. Сонымен қатар клуб мүшелерінің тауарлары мен қызметін алға жылжыту, олардың өзара тәжірибе алмасуына түрткі болу.