16:17, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда кәсіпорындардың еңбек заңнамасын сақтауы бойынша тексерістер жүргізілуде
АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматы қаласы Түркісіб ауданының прокуратурасы «CBC-Транс», «Вита Индастриз», «Завод КВОиТ», «МО-1», «SKS» компанияларына еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша тексерістер жүргізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан прокуратурасына сілтеме жасап.Тексеріс кезінде бірқатар заң бұзу оқиғалары анықталды, соның ішінде еңбекақыларын уақытында төлемеу, қолданылмаған еңбек демалысы үшін қаржы өтеу, жұмыскерлермен жасалатын жеке еңбек келісімшартының болмауы және басқа да әрекеттер бар.Прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде «Вита Индастриз» ЖШС-де жұмыс істейтін 801 қызметкерге жалпы мөлшері 42 912 124 теңгені құрайтын өткен жылдың желтоқсан айы үшін жалақылар төленді. Осындай заң бұзушылықтар «CBC-Транс» ЖШС-де де әшкере болды. Бұнда 86 жұмыскерге жалпы сомасы 7 170 100 теңге болатын 2008 жылдың желтоқсан айы үшін берілуі тиіс еңбекақылар үлестірілді. Ал «Завод КВОиТ» ЖШС-де 172 адамға қаңтар айы үшін 9 335 064 теңгені құрайтын жалақы өтелмеген, «МО-1» ЖШС 377 жұмысшы алдында 24 325 709 теңге көлемін құрайтын еңбекақы төлеуі тиіс, «SKS» ЖШС 2008 жылдың желтоқсан айы үшін 188 қызметкеріне 22 243 658 көлемінде жалақы беруі қажет екендігі анықталды.Сондай-ақ, тексеріс кезінде «Қуат Транс Сервис» ЖШС-де еңбекақы бойынша қарыздың көлемі 197 млн теңгеден асқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.Аталған шара аясында 1620 адамның конституциялық құқықтары қорғалды және жалпы сомасы 85 млн теңгеден асатын жалақысы өтелді.