Алматыда қатерлі ісікке шалдыққандар саны артқан

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биылғы жылдың алғашқы төрт айында 6731 қатерлі ісікке шалдыққан науқас ем алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 676 адамға көп. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мілім етті, деп хабарлайыд ҚазАқпарат тілшісі.
None

Басқарманың мәліметінше, қатерлі ісік ауруларының арасында бірінші орында - сүт безі обыры, екінші орында - тоқ ішек обыры, үшінші орында - өкпе обыры, төртінші орында - асқазан обыры тұр.

«Осы жылдың 1 тоқсанында Алматы онкологиялық орталығында 578 хирургиялық араласу жасалды, 4144 науқас химиотерапиялық ем алды, оның 74,2% күндізгі стационарда (3074) емделді. Рентгенологиялық бөлімшеде 272 онкологиялық науқасқа 4876 сәулелік терапия сеансы жасалды. Сондай-ақ, 3691 науқас амбулаторлық химиотерапия кабинетінде ем алды», - делінеді ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, қазіргі таңда қатерлі нозологияға күдікті науқастар мен онкологиялық ауруларға арналған диагностикалық зерттеулер саны өскенн.

«130 000-ға жуық талдау жасалды, өткен жылы бұл көрсеткіш 97 612 болды. Бұған КТ және МРТ зерттеулері, эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулер, цитологиялық және клиникалық диагностикалық зерттеулер кіреді. Жалпы, Алматы онкологиялық орталығында 40 мыңға жуық адам онкологтың кеңесін алды. Бүгінде орталықта 29 953 онкологиялық науқас есепте тұр», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.


Соңғы жаңалықтар