Алматыда қатерлі ісікті тегін анықтайтын шара өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 4-8 сәуір аралығында Қазақстанның өңірлік онкологиялық ұйымдарында колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда қатерлі ісікті тегін анықтайтын шара өтеді

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты баспасөз қызметінің мәліметінше, денсаулық апталығы шеңберінде 2022 жылғы 4-8 сәуір аралығында Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде колоректалдық қатерлі ісік (тоқ ішек обыры) бойынша онкологтарды тегін қабылдау жүргізеді.

Консультациялық қабылдау уақыты-14.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықта жүзеге асырылады.

«МСАК ұйымдарының онкологтары «Жасыл дәліз» бойынша жұмыс сағаттарында тексеру кабинетінде немесе жалпы практика дәрігерінің қабылдауында анықталған онкопатологияға күдікті пациенттерді қабылдауды тұрақты негізде жүзеге асырады.

Сондай-ақ, кез-келген күні емханаларда МӘМС шеңберінде әрбір жасы келген адам келесі тегін онкоскринингтерден өте алады:

1. колоректальды қатерлі ісік ауруына (50-70 жасындағы ерлер мен әйелдер);

2. Сүт безі обырына скрининг (40-70 жасындағы әйелдер)

3. Жатыр мойны обырына скрининг (30-70 жасындағы әйелдер).