Алматыда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының барысында мас күйінде көлікке отырған 35 жүргізуші ұсталды

АЛМАТЫ. 26 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының барысында мас күйінде көлік басқарған 35 жүргізуші ұсталды, деп хабарлады қаланың ІІД жол полициясы басқармасынан.

Алматыда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының барысында мас күйінде көлікке отырған 35 жүргізуші ұсталды

«Қауіпсіз жол» шарасын жүргізген бірнеше күнде олар көлікті мас күйінде басқарғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел алдын алу шарасының барысында Алматы ІІБ инспекторлары мас жүргізушілерді анықтаудан бөлек, жолдың қарсы бетіне шығып, апаттық жағдай жасайтындар мен жүргізу куәлігінсіз көлікке отыру фактілері және басқа да заң бұзушылықтарды анықтады.

Осыған дейін хабарланғандай, 21 қазаннан бері Алматыда жалпы республикалық кең ауқымдағы «Қауіпсіз жол» акциясы өтуде. Аталған шара жол үстіндегі жағдайды қатаң бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың тоғыз айы бойынша мас күйінде көлікке отырған 2288 жүргізуші ұсталды. Олардың 52-сі түрлі жол-көлік оқиғасының орын алуына себепкер болған.