Алматыда «Қайрат-Чемпион. Бейкүнә №1» атты қазақстандық жастар комедиялық фильмінің алғашқы көрсетілімі болды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның  3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кеше кешкісін Алматыда көрермен көптен күткен «Қайрат-Чемпион. Бейкүнә №1» атты қазақстандық жастар комедиялық фильмінің алғашқы көрсетілімі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фильм жоғары оқу орындарының бірінде оқып, жатақханада тұратын студент туралы. Ол өзінің махаббат майданында жолы болмайтындығымен көзге түскіш. Бір күні Қайрат бай олигархтың күйеуге шықпай жүрген қызы мен аяқ асты оянған махаббатты таңдау жолында көптеген күлкілі жайттарға тап болады.  Фильмде басты рөлді Тұрар Давилбеков сомдаған.  Фильмнен Бақтияр Қожа, Дмитрий Скирта, ҚР халық әртісі  Нағима Есқалиева, Венера Нығматуллина, Линда Нығматуллина сынды танымал әртістерді көруге болады. Фильмнің сценарийінің авторы Денис Куклин, режиссері Лев Мариупольский.

Фильм авторларының айтуынша, қазақстандық фильм саласында комедия  фильмдері аз. Жаңа фильм сол олқылықтардың орнын толтыру мақсатында түсірілген. Жаңа фильм бүгіннен бастап барлық отандық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.

Соңғы жаңалықтар