Алматыда қайтыс болған әйел қызуы көтеріліп, жөтеліп жүрсе де дәрігерге қаралмаған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 63 жастағы әйел жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Күйеуінің айтуынша, 1957 жылы туған пациент соңғы аптада көп жөтеліп, қызуы көтерілген. Учаскелік дәрігерге тексеріліп-қаралмаған. Өз бетінше үйде емделген. Кеше кешке кенеттен тұншығып, есінен танып қалған», - деді Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Әйел медициналық жедел жәрдем бригадасы жеткенше қайтыс болған.
Ал зертхана талдауы коронавирус жұқтырғанын растады.
Жалпы Алматыда Covid-19-дан 7 адам көз жұмды.