13:53, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда Қайым Мұхамедхановтың «Тағдыр және Қарлаг» кітабының таныстырылымы өтті
АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Белгілі абайтанушы-ғалым, жазушы Қайым Мұхамедхановтың «Тағдыр және Қарлаг» атты туындысы оқырмандар назарына ұсынылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Фридрих Эберт қоры демеушілігімен жарық көрген туынды Сталиндік нәубет туралы баяндайды. Кітаптың таныстырылымына жазушының қызы Дина Мұхамедхан, жазушы-журналист Дидахмет Әшімханұлы және өзге де белгілі ғалымдар, жазушылар қатысты.«Тағдыр және Қарлаг» өте сирек құжаттар негізінде, Абай мен Шәкәрімнің мұраларын қызғыштай қорғап, сақтап қалуға тырысқан зиялы қауым өкілдерінің қиыншылықтары туралы жазылған өте құнды жәдігер», - дейді белгілі жазушы-журналист Дидахмет Әшімханұлы.1000 данамен шыққан кітап білім ошақтарындағы кітапханаларға тегін таратылмақ.