Алматыда қайырымдылық концерті өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш қордың басшысы, продюссер әрі «Алл Давай» тобының әншісі Шухрат Мұратұлы өзінің әріптестерін көмекке зәру балаларға жәрдемдесу арқылы азаматтық борыштарын өтеуге шақыруда.
«Бұл шара арқылы еліміздің жастары халық алдында өздерінің жауапкершілігін түсінетіндігін дәлелдегіміз келді. Біздің шығармашылығымыз отандастарымызға тек көтеріңкі көңіл күй сыйламай, олардың патриоттық сезімдерін одан әрі нығайта түсуі керек. Атқарып отырған бұл ісімізде ерекше ештеңе жоқ, тек көмекке зәру жандарға көмектескіміз келеді», дейді Шухрат. Сондай-ақ ол қордың жас екенін және кішкентай қадамдар арқылы үлкен істер жасауға болатындығын жеткізді.
Концерттен түскен қаражат мүгедек балаларға беріледі. Соның бірі жастайынан мүгедек болған 15 жасар Сұлтан Тұманов. Оған финолкитонурия диагнозы қойылған. Осы қайырымдылық кешінде түскен қаражат оның Қытай емханаларына барып емделуіне жұмсалмақ.
Шара барысында да концертке жиналған қауым, шамалары келгенінше арнайы қойылған қорапқа ақша салып, қаржылай көмек көрсетіп жатты.
Кеште халықаралық конкурстардың лауреаты, әнші әрі актриса Лариса Коротиченко және тағы басқа танымал әншілер өнер көрсетті.