Алматыда Қайырымдылық қорлары қауымдастығының мәжілісі өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 20-сы күні Қайырымдылық қорлары қауымдастығының кезекті мәжілісі өтеді,

Алматыда Қайырымдылық қорлары қауымдастығының мәжілісі өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Онда алдымен балалар кардиохирургиясының еліміздегі және Алматы қаласындағы қазіргі жай-күйі сөз болады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау департаментінің, Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының және қалалық кардиологиялық орталықтың мамандары арнайы баяндамалар жасайды. Одан кейін «Неке және отбасы туралы» заңға бала асырап алу туралы өзгеріс енгізу жұмыстары туралы «ДАРА» қорының есебі тыңдалады. Сондай-ақ «Қазақстан қайырымдылық қорлары» ақпараттық желісінің «Шын жүректен» қоғамдық қорының жобасы мен өзге де мәселелер талқыланады деп жоспарланып отыр.