Алматыда қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері саралануда - ғылыми конференция

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында  «Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» деп аталатын  республикалық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр.
None
None

 М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұйымдастырған бұл шара  мемлекет және қоғам қайраткері, партизан жазушы,  әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы Әди Шәріповтің 100 жылдығына арналған.

Ә.Шәріпұлы 1912 жылдың 19 желтоқсанда Семей облысы Жарма ауданындағы Мариновка ауылында  дүниеге келіп, 1993 жылы 4 қарашада Алматыда көз жұмған болатын. Ол 1938 жылы қазіргі Абай атындағы қазақ педагогикалық университетін бітірген соң 1940 жылға дейін Қаскелең қаласындағы қазақ орта мектебінде ұстаздық етті, 1940-1941 жылдары Белоруссияда қызыл әскер қатарында болды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап 7-танк дивизиясының құрамында неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғысқа қатынасқан Әди Шәріпұлы 1941 жылдың шілде айының аяқ кезінде фашист басқыншыларының қоршауында қалып, жау тылында Белоруссияның Мухин орманында партизан отрядтарын ұйымдастырып,   отряд командирі және  2-Клетня партизан  бригадасы комиссарының орынбасары болды. Ал 1944-58 жылдары Қазақ КСР Оқу министрінің орынбасары, 1958-63 жылдары Оқу министрі, 1963-66 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі, 1966-71 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы және  КСРО Жазушылар одағының хатшысы болды. Сонымен қатар 1971-79 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, 1979-93 жылдары  институт директоры қызметтерін атқарып,  Қазақ КСР  Жоғарғы Кеңесінің 5-6,  КСРО Жоғарғы Кеңесінің  7-ші сайлауының депутаты және КСРР Жоғарғы Кеңесі  төрағасының орынбасары болып сайланды.  Ерен еңбегі үшін Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы және 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Шығармашылық қызметте «Партизан қызы», «Дос сыры», «Әке қабыры басында», «Бір тонның тарихы», «Сахара қызы», «Шипагер» сияқты көптеген романдар мен повестер және  әңгімелер жазды.

Соңғы жаңалықтар