Алматыда Қазақ аруларын ұлықтау шаралары өтіп жатыр

"Бұл шараның басты мақсаты - Д.Ахметұлының өнегелі істері мен қызметтеріне қатысты қызметтес әріптестерінің жұбайларының естеліктерін жазып алу. Жиналған мәліметтерді талқылап, оларды насихаттау. Мұнда Дінмұхамед Қонаевтың қызметтес әріптестерінің және олардың жұбайлары туралы "Арулар асыл жандар" деп аталатын фотокөрме ашылды. Оған сирек кездесетін және бұрын-соңды еш жерде көрсетілмеген 20-ға жуық түрлі-түсті фотосуреттер қойылып отыр", - дейді Д.А. Қонаев мұражай-үйінің Бас қор сақтаушысы Гүлмира Бекмұратова.
Оның айтуынша, алқалы бұл басқосу кезінде Кеңес Аухадиевтің жұбайы Кербез Әбілғазықызына арналған "Кербез" деп аталатын естелік кітабының тұсаукесері жасалды. Оған белгілі қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың естеліктері, арнау сөздері топтастырылған. Онда сондай-ақ, тұңғыш рет "Кербез екеуміз" деп аталатын деректі фильм де көрермен назарына ұсынылды.