Алматыда Қазақ экономикалық университетінің
АЛМАТЫ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде "Ашық есік күндері" өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл күнге арнайы осы оқу орнының және қаланың барлық мектеп түлектері шақырылды.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің қабылдау комиссияның жауапты хатшысы Есенғазы Құдайбергенов: "Ашық есік күндері оқу орнының өмірі мен тыныс тіршілігімен танысуға, бүгінгі шараға келуші мектеп түлектеріне болашақ мамандығын анықтауға мүмкіндік береді", деді.
Шара барысында Алматы қаласының орта мектеп түлектеріне арналған лотерея ойнатылды. Оған экономика университетінде бір жылға оқуға төмендетілген 6 сертификат ойнатылды. Сонымен қатар, университет өз ақпараттық ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Ашық есік күндері мерекелік концертпен аяқталды.