Алматыда қазақ тілі мен әдебиетінен халықаралық олимпиада өтеді

АЛМАТЫ. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 24-29 наурыз күндері қазақ тілі әдебиетінен «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім -ана тілім» деген атпен VIII Халықаралық олимпиада болады.

Алматыда қазақ тілі мен әдебиетінен халықаралық олимпиада өтеді

Оны Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырып отыр. Оған қазақ диаспорасының өкілдері тұратын шет елдердегі жалпы білім беретін мемкемелердің оқушылары қатысады. Олимпиаданың мақсаты - қазақ диаспорасы балаларының ана тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша танымдық қабілетін дамыту, қызығушлығын арттыру және олардың арасындағы достық байланысқа ықпал ету. Биыл бұл шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай мен Ресейден құрама командалар қатысқалы отыр. Олимпиада кезінде олардың есімі елге әйгілі ұстаздармен кездесіп, мәдени және тарихи ескерткіштерге саяхат жасауы жоспарланған.