Алматыда Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының форумы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының форумы өтіп жатыр, 
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумда  Елбасы ұсынған ғылым жүйесін басқарудың жаңа моделінің негізінде және ҚР Президентінің Актілік дәрісі (Алматы қ., 2009 ж. 13 қазаны) мен Елбасы қатысқан кеңестегі (Астана қ., 2009 ж. 4 қыркүйегі) білім мен ғылымның алдына қойған міндеттер негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми жұмысын одан әрі дамыту туралы пікір алмасатын болады. Форумға қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары, ҚазҰУ ғылыми орталықтары мен ҒЗИ-дың 20-ға жуық басшылары, 13 факультеттің декандары мен ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарлары, 97 кафедра меңгерушілері мен іргелі және қолданбалы зерттеу жобалардың ғылыми жетекшілері қатысуда. Жиында ұлттық университеттерде ғылымды дамыту және жетілдіру жолдары, интеллектуалды ұлтты қалыптастыру, білім мен ғылым саласын дамытуда зерттеу университеттерінің ықпал ету мәселелері талқыланатын болады. Сондай-ақ, университетте ғылыми кадрларды дайындау, қазан айында ҚазҰУ-да Елбасының оқыған дәрісі бойынша жүктелген міндеттер мен ақпараттық-инновациялық даму жағдайындағы гуманитарлық ғылым туралы, жас ғалымдардың зерттеулері туралы баяндамалар оқылады.

Соңғы жаңалықтар