18:04, 30 Қазан 2018 | GMT +6
Алматыда «Қазақфильм» аумағында өрт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының ғимараты аумағында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«Бүгін, сағат 16:56-да Өртке қарсы күрес қызметінің пультіне «Қазақфильм» аумағында декорация өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Жалын аумағы 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы 17:04-те жетті. Тілсіз жаудың таралуы 17:11-де тоқтатылып, 17:20-да толығымен ауыздықталды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Комитеттің хабарлауынша, жалынмен күреске 12 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды.
Оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Иллюстрациялық сурет