Алматыда Kazakhstan Fashion Week (KFW) сән апталығы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда жылсайынғы дәстүрлі Kazakhstan Fashion Week (KFW) сән апталығы өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Four Season Group» атты ұлттық жобаның ұйымдастыруымен кеше ашылған сән апталығы қазақстандық show-room (шоу-рум) көрсетілімімен ашылды. Сән апталығының бас продюсері Саят Досыбаевтың айтуынша, сәуірдің 4-не дейін өтетін апталықта барлық сатып алушылар қазақстандық дизайнерлердің ұсынған коллекцияларынан ұнатқан үлгілерін таңдай алады. Сән апталығының қонақтары сәуір айының 1- 3-інде өтетін көрсетілімдермен қатар, бүгін Алматыда өтіп жатқан «Oriental Look by Oriflame» атты стилистер байқауының куәсі болуда. Бүгін финалға шыққан сегіз дуэт "Голливуд" тақырыбында өз өнерлерін көрсетуде.

Биылғы сән апталығына қазақстандық дизайнерлерден Аида Қауменова, Құралай Нұрқаділова, Мария Басараб, Сергей Шабунин, Айгүл Қасымова, Мирель Марат, Салтанат Баймұхамедова, Жадыра Сахиева, Лария Жақамбаева қатысады. Сондай-ақ, шетелдік дизайнерлер де өз туындыларын көрсететін болады. Оның ішінде Грузия елінің, Ресейдің танымал стилистері мен модельерлері, сондай-ақ итальяндық сән жұлдызы Manuela Conti де сәндік киім үлгілерін көрсететеді.

Қазақстандық жас дизайнер Лария Жақамбаева бұл жолғы апталықта "Аргентиналық танго" атты жаңа коллекциясын көрсетсе, "Kuralai" сән үйі «Театр» коллекциясын ұсынады. Ал, алматылық Салтанат Баймұхамедова таза үнді маталарынан тігілген, шығыс үлгісіндегі ашық түсті жаздық сән киім үлгілерін ұсынамын дейді. "Aida KaumeNOVA" сән үйі - Сваровский тастарымен және інжу - гауһарлармен көмкерілген әр түрлі матадағы сәндік киімдерін ұсынбақшы.

Үш күн бойы өтетін көрсетілімдермен қатар, апталық барысында Швецияның жетекші стилистерінің шеберлік - сыныптары өтеді.

Соңғы жаңалықтар